Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады
«Жаңа Жол» көліктерді өткізу бекетінен заңсыз ақша алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар 15 миллионнан астам Ресей рублін (шамамен 80 млн теңге) елден заңсыз алып шығару әрекетінің жолын кескен.
«ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылыққа жол бермес үшін ҚР Қаржы заңнамасында қарастырылған талаптарды сақтау қажеттігін еске салады», - делінген хабарламада.