Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Қазақстанның бірқатар қаласында жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның бірқатар қаласында түрлі объектілерінде орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы келіп түскен хабарламаларға байланысты келушілер мен персоналды эвакуациялау, ғимараттарды қоршау жүргізілді, арнайы техника мен қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тиісті қызметтер мен мамандардың объектілерді тексеруі қамтамасыз етілді.
Жарылғыш заттар туралы хабарламалар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында тіркелген.
«Бүгін полицияның «102-ге» «My car» және «Lexus» автосалондары, «Хан Шатыр» және «Mega Silk Way» сауда орталығына белгілі бір электронды мекенжайдан жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хат келген. Қазіргі уақытта қаланың шұғыл қызметі нысандарды тексерумен айналысып жатыр», - делінген елордалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.