49 жастағы күдіктіге қатысты тергеу басталды
Атырауда үйінің шатырында сора өсірген күдікті анқыталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
17 наурыз күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған есірткі өсімдігін сақтаумен айналысқан күдіктіні ұстады.
"49 жастағы азамат өзінің үйінің шатырында сора өсімдігін сақтаумен айналысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы 1 келі 100 грамды құрады", – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.
Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 49 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.