Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды
Қостанай облысы Тобыл қаласында үш көлік жантүршігерлік жол апатын жасап, жаяу жүргіншіні соғып өлтірді деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті.
"Hyundai Accent көлігін тізгіндеген 20 жастағы азамат 56 жастағы жүргізуші мінген Renault Logan автокөлігімен соғылған. Ал екі көліктің біріне соғылған Skoda Yeti қатты екпінмен тротуардағы жаяу адамды қаққан. Қатты соққыдан 25 жастағы жігіт қаза тапты", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.