Оқиғаны Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр
Әлеуметтік желіде кішкентай сәбиді күтушісінің ұрып жатқаны түсірілген видео тараған болатынбыз. Алматылық полицейлер осы оқиға бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күтушінің кішкентай баланы ұру әрекетін Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, істің мән-жайы анықталған соң 1981 жылы туған әйелге қатысты заң бойынша тиісті шаралар қолданылады.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда күтушінің 1,5 жасар сәбиді ұрып-соққанын хабарлаған болатынбыз.