Қала аумағында тіркеуде тұрған 6481 қару иесі тексерілген
Шымкентте «Қару» іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 40 қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы аумағында заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілер айналымымен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту және оларды ашу мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
«Іс-шара барысында заңсыз айналымнан 40 қару алынған. Оның ішінде 29 қару тәркіленген. Ал 11-і ерікті түрде қабылданған.
Сондай-ақ қала аумағында тіркеуде тұрған 6481 қару иесі тексерілген. Бұдан өзге, 63 қару уақытша сақтауға тәркіленіп, 4 қару жоюға жолданған», - делінген хабарламада.