ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті
2022 жылдың 9 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы хабарлауынша, бақылау қорытындысы бойынша мына спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды:
1. Әуелханов Абылай
2. Сон Игорь
3. Потасова Юлия
4. Чалкарова Руфина
5. Дроздов Алексей
6. Макрушин Матвей.
Аталған барлық спортшы Алматы облысының атынан бақ сынайды.
Допинг қолдануға қарсы саясат ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізеді.