Павлодарда 17 жастағы қыз өзенге секірмек болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның  мән-жайы анықталып жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда 17 жастағы қыз өзенге секірмек болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 27 наурызда сағат 11:50-де орталық жағалауында Ертіс өзенінің жағасында отырған қызды байқап қалған. 

"Құтқарушылар Анатолий Косоногов пен Валерий Чаленко 2005 жылы туған қыз балаға жақындап, әңгіме барысында өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін анықтады. Құтқарушылар қыз баланы станцияға апарып, оның туыстарын шақырды", - деді  департаментте.  
Қыз бала ата-анасымен ұрысып қалған. 

Құтқарушылардың қырағылығының арқасында жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауына жол берілмеді.