Алматыда бала күтуші 1,5 жасар сәбиді ұрып-соқты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Фото: видеокадр

Алматыда бала күтушінің сәбиді ұрып жатқан сәті жасырын бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Facebook-тегі Немолчи.kz-парақшасында жазылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Баланың ата-анасы өздері жоқ кезде балаларының көп жылайтынын естіген соң үйге жасырын камера орнатқан. Кейін бейнежазбадан бала күтушінің 1,5 жасар бүлдіршінді ұрып-соғатыны белгілі болған. 

Осы оқиғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Алматы қалалық Полиция департаменті бейнежазба зерттеліп жатқанын хабарлады.

Тегтер: