Ата-анасы оны 1 ай бойы іздеген
Түркістан облысының полицейлері 1 айдан бері іздеуде жүрген келіншекті тапты деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сауран аудандық полиция бөліміне 24 ақпанда жергілікті тұрғын арызданып, аяғы ауыр қызының із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан. Ауруханаға барып келемін деп кеткен ол сол күйі үйге оралмапты. Келіншекті іздеуге Түркістан облысына көрші жатқан облыс полицейлері атсалысқан. Сондай-ақ, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Үздіксіз іздеу жұмыстарының нәтижесінде келіншек Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан табылған. Ол осы уақытқа дейін өзінің азаматтық некедегі күйеуімен бірге болыпты.