Қарағандыда жоғалып кеткен келіншектің денесі орман алқабынан табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Анастасия Шевякованы өлтірді деген күдікпен 26 жастағы бойжеткен ұсталды

Фото: kgd.ru

Наурыз айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен 27 жастағы әйелдің пышақталған денесі орман алқабынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Анастасия Шевякованы өлтірді деген күдікпен 26 жастағы бойжеткен ұсталды.

«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 5 наурызда үйінде болған жанжал кезінде марқұмды пышақтап тастаған. Артынша қылмысын жасыру үшін мәйітті ауыл сыртына апарып көміп тастаған», - делінген ПД хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.