Қайғылы оқиға 24 наурызда болды
Қарағанды облысында «Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"24 наурызда «Саран» шахтасында 1965 ж.т. кенші тау-кен массасының құлауы салдарынан қаза тапты.
Кәсіпорында комиссия жұмысын бастады. Жазатайым оқиғаға тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорнының ресми сайтында.