25.03.2022, 12:16
Оқиғалар
Қарағанды облысында тәрбиеші балаға қол жұмсаған
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қарағанды облысында тәрбиеші балаға қол жұмсаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
24 наурыз күні Instagram әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында Қарағанды облысы Абай қаласындағы балабақшалардың бірінде балаға қол жұмсап жатқан тәрбиешінің бейнежазбасы анықталды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкес (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен 20 жастағы күдікті анықталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды