Павлодар облысында боран салдарынан жол апатында екі адам көз жұмды

Azattyq Rýhy

Полицейлер тексеру жүргізіп жатыр

 

Павлодар облысында боран салдарынан жол апатында екі адам көз жұмды

Павлодар облысында боран салдарынан жол апатында екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 наурыз күні сағат 22:50-де Омбы-Майқапшағай тас жолының Новоямышево ауылы тұсында Toyota Camry 20 жүргізушісі ауа райына байланысты жол көрінбейтін жерде 25 жастағы жігітті қағып кеткен. 25 жастағы жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Адам өмірін қиған тағы бір оқиға сол күні сағат 18:30-да Павлодар-Ленин кенті жолында орын алды. Мұнда «Лада Приора» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі қарлы боран салдарынан тізгінге ие бола алмай, жол шетіндегі жақтау темірге соғылған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сараптама тағайындалды. Барлық фактілер тексеріліп жатыр. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.