24.03.2022, 09:22
Оқиғалар
Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Бұдан бөлек екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"20 наурыз күні сағат 14:20 - да Баянауыл ауданы Бірлік ауданындағы "Қалқаман - Баянауыл-Керней" автожолының 99 км-де "Мерседес Бенц" автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Ауди 100"автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан "Ауди" автокөлігінің 67 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. "Мерседес Бенц" автокөлігінің жүргізушісі, "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді",- деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды