23.03.2022, 15:03
Оқиғалар
ШҚО-да өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды
Марқұмның кім екенін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өртенген көлік Матросов пен Энгельс көшелерінің қиылысында тұрған.
«Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін Mazda маркалы көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексерілу үстінде.
Марқұмның кім екенін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды