Тағы 6 адам түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған
Маңғыстау облысының «Шетпе – Таушық» тасжолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.
Жол-көлік оқиғасы 18 қаңтар күні Ақтау қаласынан 100 шақырым қашықтықта болған. Hyundai маркалы автобус пен Hyundai Starex көлігі соқтығысқан.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына 4 жедел жәрдем көлігі және бір санитарлық авиация бригадасы барған. Жол апатынан 6 адам зардап шекті. Барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақат алғандардың екеуі көз жұмған. Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.