17.03.2022, 00:49
Оқиғалар
Ақтөбеде алаяқ тұрғынның 1,1 млн теңгесін алдап алып кеткен
Полиция қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні ұстады
Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып, 1,1 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
7 наурызда Ақтөбе қалалық №2 полиция бөліміне 33 жастағы әйел алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы арзан бағамен пәтер сатып алуға жәрдемдесу сылтауымен 1 млн 130 мың теңге сомасындағы ақшасын жымқырған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 38 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 16:32
СҚО-да құтқарушылар дронның көмегімен алқапта адасқан қызды тапты