$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2022, 22:18
Оқиғалар

Қазақстаннан 400 мың АҚШ долларын әкетпек болғандардың жолы кесілді

ҰҚК 2022 жылы декларацияланбаған 900 млн теңгеден астам қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды

Қазақстаннан 400 мың АҚШ долларын әкетпек болғандардың жолы кесілді
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстаннан 400 мың АҚШ долларынан астам қаржыны алып кетпек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті. Ақшаның бір бөлігі қос түбі бар сөмкеге жасырынғаны әшкереленді.

«2022 жылғы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хабарламасында.

ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары