Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам ауруханаға түсті. Жол-көлік апаты 16 наурызда сағат 08:30 шамасында «Атырау-Индер» бағытындағы тас жолдың бойында болған.
Жолдың қарсы бағытына шыққан «Toyota Camry» автокөлігі «Skoda» қызметтік көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 7 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. «Тoyota Camry» көлігіндегі жолаушыларды шығару үшін облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің қызметкерлері жұмылдырылды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды.