Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Атыраулық полицейлер заңсыз сақталған үш қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
7 наурыз күні сағат 11:17-де Атырау полициясына түзету мекемесінде отырған 24 жастағы ер адам екі мылтықтың жасырылған жері туралы хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес тексеру кезінде қарулар анықталып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ 7 наурыз күні сағат 20:49 шамасында 23 жастағы жігіт Жайық жағалауынан пневматикалық тапанша тауып алып, өз еркімен полицияға тапсырған.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.