Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 12 наурызда болған
Қызылорда облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 12 наурызда болған.
«Батыс Европа – Батыс Қытай тасжолының бойында, нақтырақ айтқанда, Шиелі ауданы Сұлутөбе елдімекені маңында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, соның салдарынан 2 адам оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде.
«Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша тиісті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ПД өкілдері.