Тағы 4 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысында Қалбатау – Көкпекті бағытындағы тасжолда «Лада» мен «Тойота Хайландер» автокөлігі бетпе-бет соғылып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Соққының қатты болғаны соншалық, «Ладаның» сау-тамтығы қалмаған. Оның ішіндегі жүргізуші мен үш жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды. Ал «Тойотадағы» төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.