Павлодар ауданында жоғалып кеткен зейнеткер үсіп, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы хабарды VITA жасағының еріктілері жеткізді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар ауданында жоғалып кеткен зейнеткер үсіп қалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Бүгін полиция әженің денесін оның үйінен 200 метр қашықтықта тапты. Алдын ала болжам бойынша, әйел  адам үсіп қалып, көз жұмған, - деді VITA басшысы Екатерина Кудрявцева.

Естеріңізге сала кетейік,  Набережное ауылының 86 жастағы тұрғыны 9 наурыз күні кешке белгісіз бағытта шығып кеткен.