Павлодар облысында автокөлік жылқыны қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында автокөлік жылқыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Омбы – Майқапшағай тас жолының 530-шы шақырымында болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 наурыз күні сағат 00.20-да Аққулы ауылынан 10-шы шақырымында «LADA Kalina» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жылқыны қағып кеткен. 

Салдарынан 1999 жылы туған жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылып, аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.