Азамат Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына орналастырылды
44 жастағы азамат жолдастарымен түнгі клубқа қыдырып барған. Баспалдақтың темір тіреуішін ұстап, секіріп тұрғанда қасында достары болыпты. Ойнап тұрып оқыста бар салмағымен төменге қарай ауып кетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.
Төртінші қабаттан құлаған тұрғын қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Ал тәртіп сақшылары жанындағы жолдастарын бәстесіп, әдейі өзіне қол салуға итермелеу туралы күмән болмау үшін тергеп жатыр.
«Түнгі клубтардың бірінде төртінші қабаттан құлап, дене жарақатын алды. Қазір Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы қазіргі таңда анықталуда», - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.