Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр
Павлодарда 59 жастағы жүк тиеушінің үстіне контейнер құлады. Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға 3 наурыз күні сағат 10.30-да Генерал Дүйсенов көшесіндегі 284-ші үйдің ауласында болды.
"Тиеу жұмыстары барысында ЖШС-нің 59 жастағы жүк тиеушісіне қоқыс контейнері құлады", - деді департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр. Көптеген жарақат пен травматикалық шок алған, қан жоғалтқан.