04.03.2022, 09:25
Оқиғалар
Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіледі
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Шағын айналым көшесіндегі жанармай құю станциясына қарама-қарсы аумақта болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурыз күні сағат 18.50-де «Санг Йонг» автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі 1971 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өтті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деді баспасөз қызметінде.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды