$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.03.2022, 16:44
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда 5 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтанда 5 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Елордада 5 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, алаяқ 60 жастағы азаматқа өзін банк өкілі ретінде таныстырып, 5 млн 250 теңге қаражатын алып қойған.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 3 тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Полицияға қала тұрғыны шағымданып, телефон арқылы банк қызметкерімін деп хабарласқан бейтаныс адамның алдау арқылы 5 млн 250 теңге ақша қаражатын алып қойғандығына арыз түсірді. Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласында алаяқтық жасау күдігімен 31 жастағы жігіт ұсталды. Күдіктіден 10 банк картасы тәркіленді. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар өзге де адамдарды табу, алаяқтардан басқа да зардап шеккендерді анықтау бағытында тергеу іс-шаралары қолға алынды", – делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары