Атырауда мылтықпен қаруланған қылмыстық топ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

23-27 жас аралығындағы 9 адамнан құралған жігіттер қылмыстық топ құрған

Атырауда атыс қаруларын заңсыз сақтап, тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

23-27 жас аралығындағы 9 адамнан құралған жігіттер қылмыстық топ құрған. Қолдарындағы қарумен Алматыда қылмыс жасағаны анықталды.

Тексеру кезінде 1996 жылғы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 1997 жылы туған күдіктіден травматикалық тапанша болған.

Сондай-ақ, Сәтпаев көшесіндегі олардың  қоймасынан 3 дана атыс қаруы мен 2 дана шолақ мылтық пен оқ-дәрілер табылған.

«Қазіргі таңда бір атыс қаруы  Алматы қаласында орын алған пәтер ұрлықтарының бірінде жоғалған қару ретінде тіркелгені анықталды, тәркіленген барлық қаруларға сараптама тағайындалды.Күдіктілердің екеуі бұрын да қарумен жасалған бұзақылық фактісі бойынша істі болған. 

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды»,- деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.