11 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Атырауда қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2011 жылдан бері іздеуде болған

Атыраулық полицейлер 11 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Атырау қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Атыраулық полицейлер іздеу салынған күдіктіні тұрақты түрде мониторинг жасалатын ҚР ІІМ-нің көші-қон ақпараттық базасы арқылы ақпан айының басында Атырау облысы аумағына келгенін анықтаған», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев. 

Айта кетейік, аталған Өзбекстан Республикасының азаматына 2011 жылы Ресей Федерациясының федеральдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігімен іздеу салған.