Атырауда мас күйде көлік басқарған жасөспірім анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот шешімімен анасына 21 440 теңге көлемінде айыппұл салынды

Атырауда мас күйде көлік басқарған жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпан күні сағат 03:58 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласы Сәтпаев көшесінен Lada X-ray көлігін тоқтатып, тексеру кезінде көлік жүргізушісінің 17 жастағы кәмелет жасқа толмаған жасөспірім екендігі анықталған.

Одан бөлек, жасөспірімнен алкогольдік ішімдіктің иісі сезілген соң, медициналық сараптамаға жеткізіліп, сараптама қорытындысына сәйкес оның «жеңіл дәрежелі» масаң күйде екендігі белгілі болған.

Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, жасөспірімге қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бер) және ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөлігіне (Әкімшілік қамаққа алу) сәйкес әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен анасына 21 440 теңге көлемінде айыппұл салынды.