Бейжің-2022: украиналық шаңғышы допингпен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшы 10 ақпан күні Олимпиада астанасында тест тапсырған еді

Шаңғымен жүгіруден украиналық Валентина Каминская Бейжің-2022 Қысқы ойындарынан уақытша шеттетілді, деп жазады Vesti.kz.

Халықаралық тест агенттігінің (ITA) ақпараты бойынша 34 жастағы шаңғышының ағзасынан местеролон мен гептаминол табылған. Спортшы 10 ақпан күні Олимпиада астанасында тест тапсырған еді.

Осыған орай, Каминская төрт жылдықтың қалған жарыстарына қатыспайтын болды.  

Бейжіңде ол сипринтте 70 орын иеленсе, жекелей жарыста 79 және эстафетада 18 орыннан көрінді. Бір қызығы Украинаның намысын қорғап жүрген спортшы 2018 жылға дейін Беларусь елінен шығып жүрген. Жалпы алғанда, Каминская қысқы ойындарға үшінші рет қатысты.