Арнайы экономикалық аймақта құны 2,5 млрд теңгелік майнингтік ферма жұмыс істеп келген

Автор: Azattyq Rýhy

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: ашық дереккөзден

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағынан майнингтік ферма табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Майнинг фермасының жұмысына 4 контейнер (40 тонналық) тартылды, онда майнингке арналған 1 173 бірлік жабдық болған.

Барлық жабдықтардың құны 5,87 миллион доллар немесе 2,5 млрд теңгеге жетеді.

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы Алнұр Баймолдиновқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу тіркелді», - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.