Павлодарда көшеде әскери нарядты балағаттаған тұрғын ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жыл басында 20 мың теңге мөлшерінде ұрлық жасаған

Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

ҚР ҰҰ «Шығыс»  өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелдінің айтуынша, өткен демалыс күндері 5512 әскери бөлімінің әскери наряды сағат 20.10 шамасында Сәтбаев көшесінде патрульдеу кезінде ер адамды тоқтатқан.

«Әскери нарядты көрген ол өзін күдікті ұстай бастап, жасырынуға тырысты. Ер адам күзетшілердің ескертулеріне жауап бермеді және әдепсіз сөздер жаудырған», - дейді Бағдат Амангелді.

Одан әрі тергеу үшін ұсталған адам № 11 патрульдік полиция басқармасына жеткізді.

Деректер базасын тексеру кезінде бұл азаматтың іздестіріліп жатқаны анықталды. Ол жыл басында 20000 теңге мөлшерінде ұрлық жасаған. Бұдан кейін ұсталған азамат орталық полиция бөліміне тапсырылды.