Сұлусары ауылы тұсында вахта жұмысшыларын тасымалдайтын автобус сынып, жолда қалған
Шығыс Қазақстанда авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 ақпанда Сұлусары ауылы тұсында вахта жұмысшыларын тасымалдайтын автобус сынып, жолда қалған. Автобус ішінде жұмысшылар болған. ӨБ-32 қызметкерлері Кунг көлігімен оқиға орнына шығып, аудандық полиция бөлімімен және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп 53 адамды Қалбатау ауылына эвакуациялады және жұмысшылар сол жердегі спорт мектебіне орналастырылды.