Үстіне кран құлап кеткен ақтаулық азамат ауруханада көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 14 қаңтарда 19-ықшамаудандағы құрылыс алаңында болған

Ақтауда құрылыс краны құлап, зардап шеккен ер адам ауруханада қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері айтты. 1996 жылғы науқастың көп жері сынған, басынан соққы алған және миына зақым келген. 

«Ол жансақтау бөліміне жатқызылды, жасанды комаға түсірілді, алайда ол облыстық ауруханаға түскеннен кейін сегіз сағаттан соң қайтыс болды», - дейді дәрігерлер. 

Айта кетейік, оқиға 14 қаңтарда 15:55-те «Бәйтерек» сауда орталығына қарама-қарсы аумақта 19-ықшамауданындағы құрылыс алаңында болған.