Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұдан бөлек екі адам зардап шекті

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты. Жол апаты 9 ақпан күні сағат 17.05-те орын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласынан шыққан кезде «Тоyоtа Aristo» автомашинасының 28 жастағы жүргізушісі Павлодар – Қызылорда  автожолының 123-124 км-ге қозғалып, рульді басқара алмай, бөлгіш бағанға соғылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 2000 жылы туған жолаушы мен 2020 жылы туған  сәби жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.