Павлодар облысында учаскелік полицей ауыл тұрғынын соққыға жыққан

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 5 ақпан күні Ақтоғай ауданында болды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында учаскелік полицей ауыл тұрғынын соққыға жықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқиға 5 ақпан күні Ақтоғай ауданында болған. 

Ондағы мәліметке сүйенсек, оқиға куәгері Ақтоғай ауданы Ақжол ауылының учаскелік полицейі ауылдасын және оның әйелін ұрып-соққаны туралы мәлімдеген. Сонымен қатар, тәртіп сақшысы мас күйінде қызметтік көлікті тізгіндеген. Сөйтіп, мас күйде көлік басқарған учаскелік полицей өзін тоқтатуға тырысқан тұрғындарға шабуыл жасаған.

Осы оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті де өз жауабын берді.

"Аталған факті бойынша Павлодар облысы полиция департаментінде ӨҚБ қызметтік тергеу жұмысы жүргізілуде", - делінген хабарламада.