08.02.2022, 11:16
Оқиғалар
Павлодар облысында жол бойында көлік жанып кетті
Оқиға 7 ақпан күні Ребровка ауылына жақын маңда болған
Павлодар облысында жол бойында көлік толығымен жанып кетті. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 2 техникасы шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 16.22-де Алғабас ауылдық аймағының Ребровка ауылына жақын маңда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Ленин ауылы - Ертіс ауылы автожолында «Pontiac Trans» автокөлігі толығымен жанып кетті. Жалын 1995 жылы шығарылған көліктің 4 шаршы метр ауданын шарпыған", - деді департаментте.
Өрт сағат 16.52-де жойылды. Көліктің жануына қозғалтқыш бөлігіндегі сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды