Аралда жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Көше бойында «Жигули» және «Mercedes» көліктері соқтығысып қалған

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Арал ауданы, Бақтыбай батыр көшесінің бойында болды. Көше бойында «Жигули» және «Mercedes» көліктері соқтығысып қалған. Апат салдарынан екі адам көз жұмды. Олардың екеуі де Арал қаласының тұрғындары.

«Автокөлікті жүргізу барысында жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз. Жолда жүргенде абай болыңыздар», - деді Арал аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Нұртай Тасқынбаев.

Еске салсақ, 15 қаңтарда Қызылорда облысында болған жол апаты 8 адамның өмірін қиып кетті.