Қызылордада жолаушылар мінген автобус жүріп келе жатып өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Автобус салонында болған 16 жолаушы көліктен өз бетінше шығып үлгерген

1 ақпанда Қызылорданың сол жағалауындағы көпір маңында №1 бағыттағы автобус түгелдей өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Zhong Tong Bus маркалы қоғамдық көлік «Қызылорда» ЖШС автобус паркіне тиесілі болған.

Жергілікті ТЖД мәліметінше, өрт түскі сағат  13-53-те оқшауланып, жойылды.

«Автобус салонында 16 жолаушы болған, олардың бәрі автобустан өз бетінше шығып үлгерген. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ»,  делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.