$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда зейнеткерлерді тонаған күдікті ұсталды

Ер адам қамауға алынды, тергеу жүргізілуде

Петропавлда зейнеткерлерді тонаған күдікті ұсталды

Петропавлда «көмектесемін» деген сылтаумен қарттардың сеніміне кіріп, кейін тонап отырған күдікті ұсталды. Нұр-Сұлтан қаласының бұрын сотталған тұрғыны темір торға тағы да тоғытылуы мүмкін. Бұл туралы Azattyq Rýhy СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға белгісіз біреу егде жастағы әйелдің әмиянін ұрлады деген хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, ер адам оған пәтеріне дейін көтерілуге көмектескен, ішуге су сұрап, кетіп қалған. Көп ұзамай әйел 120 мың теңгесі салынған әмиянінің жоғалғанын анықтайды. Осыған ұқсас жағдай бірнеше күннен кейін, 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесінде тіркелді. Көпқабатты үйдің подъезінен пәтеріне жету үшін ер адамның көмегін қабыл алған әжейдің 16 мың теңгесі жоғалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері аталған құқық бұзушылықтарды жасаған болуы мүмкін деген күдіктіні ұстады. Ол Петропавлға уақытша келген 30 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Күдікті ақшаны жеке мақсатта жұмсағанын мойындады.

«Бастапқыда ақша ұрлауды жоспарлаған жоқпын. Жай ғана көмектеспек едім. Әмиянды ұрлау жайында ой сатымен көтеріліп келе жатқанда келді», - дейді күдікті.

«Жедел-іздестру іс-шаралары барысында бұрын сотталған күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның Петропавл қаласына қарт адамдардың мүлкін ұрлау үшін арнайы келгендігі анықталды. Ол зейнеткерлерге көмек көрсету тәсілімен сеніміне кіріп, ақшаларын қолды етіп отырған», - дейді Петропавл қаласы №1 полиция бөлмінің тергеушісі Ерасыл Әскербек.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-б. «Ұрлық» және ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-б. «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ер адам қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#күдікті #ұрлық