Павлодарда ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 22 қаңтар күні болды

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда түнгі клуб жанында болған төбелесте ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2022 жылғы 22 қаңтарда сағат 03.20 шамасында Екібастұз қаласында 29 жастағы ер адам түнгі клубтардың бірінің жанында болған төбелес барысында 25 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салған, салдарынан ер адам алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Екібастұз қаласының УҰИ-ға қамалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.