ШҚО-да тәртіпсіздік кезінде 26 қызметтік көлік зақымданған
Шабуыл барысында пиротехникалық және қолдан жасалған жарылғыш заттар қолданылған
ШҚО-да 26 қызметтік автокөлік зақымданып, жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында экстремистер мен арандатушылардың ұйымдастыруымен лаңкестік шабуылдар болды.
Өскемен және Семей қалаларының орталық алаңдарына барлығы 5 мыңнан астам адам жиналған.
"Құқық қорғау органдарының түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қазіргі уақытта террористер деп танылғандар тек әкімшілік ғимараттарға ғана емес, сонымен қатар мүлік пен автокөлікке де шабуыл жасаған. Шабуыл барысында олар заңсыз сақталған атыс қаруы, ұрып-соғу және жаншып-кесу заттарын пайдаланды. Пиротехникалық және қолдан жасалған тұтану қоспалары қолданылған", - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Облыс бойынша заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде 26 бірлік қызметтік автокөлік зақымданып, жойылды.