$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.01.2022, 23:34
Оқиғалар

Павлодарда ҰҚК атын жамылған екі бұзақы ер адамды ұрлап кеткен

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Павлодарда ҰҚК атын жамылған екі бұзақы ер адамды ұрлап кеткен

№2 сотында алдын ала сөз байласу арқылы қылмыс жасаған екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Іс материалына сәйкес, олар 2020 жылы Павлодарда автокөлікпен жүріп келе жатып, белгісіз  адамға тапаншадан оқ жаудырған. Кейін оны беті мен арқасынан ұрып, жерге құлатып, қолдарын байлаған. Содан соң оны автокөлікке отырғызған.

«Кейіннен өздерін ҰҚК қызметкерлері деп таныстырған ер адамдар ұрланған адамға есірткі лақтырамыз деп қорқытып, оны тінту барысында банк картасын тауып алып, 320 мың теңгесін  банкоматтан шешіп алған. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтары  мен сот сараптамаларының қорытындысы бойынша дәлелденді», - деп жазылған № 2 қалалық соттың хабарламасында.

Прокурор әрқайсын сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші оларды бас бостандығынан айырмауды сұрап, оған материалдық залал өтелгенін айтты. Сотталушылар кінәні ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Бұл әрекет үшін ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Жазаны тағайындау кезінде жеңілдететін жағдайлар – жас болуы, материалдық залалды ерікті түрде өтеу, кінәні ішінара мойындау ескерілді. Алайда қару пайдалана отырып қылмыс жасағаны жағдайды ауырлататын мән-жайлар ретінде қаралды. 

Осыған байланысты олардың біріне 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру, ал екіншісіне бұрынғы соттылығы туралы өтелмеген жазаны ескере отырып,  8 жыл тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 
Серіктес жаңалықтары