СҚО-да Instagram қолданушысы жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: Polisia.kz

Петропавл қаласының сот шешімімен әкімшілік арандату әрекеті үшін әлеуметтік желілердегі топтардың жетекшісін (төтенше жағдайдағы заңдылық пен құқық тәртібін бұзу – 478-бап бойынша) 30 тәулікке қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісінде экстремистік әрекетті насихаттайтын пост жариялап, митингтерге шақырған.

«Қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттерді анықтап, жауапкершілікке тарту маңызды. Төтенше жағдай кезінде азаматтарды тәртіпке шақырамыз. Қабылданған барлық шара, соның ішінде уақытша шектеулердің енгізілуі ең алдымен халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған», - деді Солтүстік Қазақстан облысы ПД басшысы, генерал-майор Марат Төлебаев.

«Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату бойынша заңнамада жауапкершілік қарастырылған. Жалған ақпарат таратқандар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін. Оның ішінде арандатушылық пікірлер әлеуметтік және этникалық араздықты қоздыратын құқық тәртібін бұзу, төтенше жағдай кезінде заңды талапқа немесе бұйрыққа бағынбағаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін», - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, СҚО полиция департаментінде call-орталықтың 61-25-42 телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар, ТЖ режимі кезінде күдікті тұлғалар, фактілер мен бұзушылықтар туралы мәліметтерді «102» нөміріне хабарлауға болады.