Балалар ауруханаға жеткізілді: Ақтөбе облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тоуота Аlphard көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, қар тазалайтын КамАЗ-ға соғылған

 

Ақтөбе облысында жантүршігерлі жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 қаңтарға қараған түні Самара – Шымкент тасжолында болған.

Белгілі болғандай, Тоуота Аlphard көлігінің жүргізушісі Қобда ауылынан Ақтөбеге қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, қар тазалайтын КамАЗ көлігіне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Alphard көлігінің 46 жастағы жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Бес жолаушы, оның ішінде екі бала ауруханаға жатқызылды», - делінген облыстық ПД баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.