Өрттен зардап шеккендер жоқ
Павлодарда аулада тұрған жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл ақпаратты Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын 15 минут ішінде сөндірілді. Өрт Қамзин көшесінде болған. Зардап шеккендер жоқ.
«Өрт туралы хабар 30 желтоқсан күні сағат 21:01-де келіп түсті. "Volskwagen Passat" маркалы көлігінде резеңке-техникалық бұйымдар өртенген. Өрттің шығу салдары анықталып жатыр», - деп көрсетілген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін 6 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.