Қостанайда жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде

inform.kz

Қостанай қаласындағы көліктік ХҚО ауданындағы теміржол өткелінде көлік пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл тақпаратты Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Бүгін таңертең көліктік ХҚО ауданында жол-көлік оқиғасы орын алған. «Нұр-Сұлтан – Орал» бағытымен жүріп келе жатқан пойыз теміржол өткелінде 40 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «Шевроле круз» көлігімен соқтығысты. Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр», - деп түсіндірді департаменттен.

Көлік жүргізушісінің теміржол өткелінен бағдаршамның тыйым салынған белгісі жанғанда өтпек болғаны анықталды. Жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 Полиция департаментінде жүргізушілерге әсіресе ауа райының қолайсыз жағдайында жол ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертуде.